Алматыдағы креативті хабтың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге конкурс жарияланды
Креативті индустрия жаһандық экономиканың еңқарқынды дамып келе жатқан салаларының біріболып табылады.
15:13 30.06.2022
Соңғы жылдары Қазақстандакөптеген шығармашылық, талантты, креативтіадамдар және индустрияның ізбасарлары пайдаболуда. Креаторлар санының өсуімен байланысты, олардың әлеуетін іске асыруға қажетті кеңістіктертапшы.
2020 жылы Ұлыбританияның мәдени байланыстармен білім саласындағы “Британдық Кеңес” халықаралық ұйымы, еліміздің басты мәдениорталығы саналатын, Алматыдағы 33-ке жуықшығармашылық кеңістіктердің тәжірибесінсараптады. Оның нәтижесі бойынша 2013 жылданбері тек 3 орын ашық.
Негізгі мәселелердің бірі - тікелей қатысы жоқфункцияларды атқару, яғни бір-екі адамнанқұралатын шағым ұжымның әр қызметкері, өзінетән емес әкімшілік, шығармашылық жәнеқаржылық функцияларды атқаруы.
Өткен жылы Алматы қаласының дамуы жайлыболған кездесуінде Мемлекет басшысы, еліміздегікреативті экономиканың даму маңыздылығынескере отырып, қала әкімшілігін атаулы бағыттадамуын қолдады.
Қазақстан бойынша креативті индустрия саласымен 17 мыңнан астам компания айналысады. Оның 8 мыңға жуығы Алматыда орналасқан.
Сондықтан, Шымбұлақ тау курорты креативті хабқұру туралы шешім қабылдап, Алматыдаорналасқан, көлемі 1100 шаршы метрді құрайтынкреативті кеңістікті құру дизайн-тұжырымдамасынәзірлеуге конкурс жариялайтыны жайлыхабарлайды.
Креативті хаб – әр-түрлі адамдар жиналатынфизикалық немесе виртуалды кеңістік. Креативтіхаб дегеніміз – шығаршылық, креативті жәнетехнологиялық секторлардың өкілдерінбіріктіретін, нетворкинг және бизнес үрдістерініске асырып, дамытатын, түрлі қауымдастықтарөзара әрекет ететін модератор-алаң.
Конкурстық жұмыстар маусым айының 29-нан бастап шілденің 29-на дейін қабылданады. Жеңімпаздар тамыздың 10-шы жұлдызындажарияланады. Байқауды ұтып алғандардыңжұмыстары іске асырылуға, ақшалай жәнеынталандыру сыйлықтар алуға мүмкіндік алады.
Байқау нәтижелері туралы ақпарат «Шымбұлақ» тау курортының және «Kazakh tourism» ҰК АҚ сайттарында немесе әлеуметтік желілеріндеорналастырылады.
Байқауды ұйымдастыру, өту және нысанға бару мүмкіндігі туралы ақпаратты +7 727 331 77 77 телефоны арқылы алуға болады немесеinfo@shymbulak.com электронды поштасынажазуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары