Kөшкіннен 14 адам қаза тауып, 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды
Бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысында көшкін болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты және 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды.
16:52 01.07.2022
Табиғи апатпен күрес қызметкерлері, полиция мен жергілікті тұрғындар Манипур штатының астанасы Импхалаға жақын орналасқан Нони қаласында үйінді астында қалып қойған зардап шегушілерге көмек көрсетіп жатыр.
Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың жетеуі әскери қызметші болған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында Үндістанның бес теміржол қызметкері бар. Табиғи апат болған ауданда теміржол салынып жатыр. Үндістанның солтүстік-шығысында үш аптадан бері толассыз жаңбыр жауып жатыр.
Кейбір мәліметтер бойынша, 17 мамырдан бері қатты нөсер мен көшкін салдарынан Ассам, Манипур, Трипура және Сикким штаттарында барлығы 200 адам, Бангладеште 42 адам мерт болған.
Жүздеген мың адам эвакуацияланған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!