Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары ұсталды
Шымкент қаласында қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарып жүрген орынбасары қамауға алынды.
15:22 10.07.2022
Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«2022 жылдың 9 шілдесінде Шымкентте өзінің қызметтік кабинетінде ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары парақорлық фактісі бойынша жүріп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.
Анықталғандай, оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау қаралып жатыр.
«Сыбайлас жемқорлық мәселесі ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында. Осыған ұқсас фактілер туралы ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласуға болады», - дейді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!