Меккеге қажылыққа аттанған қазақстандықтар өз миссиясын аяқтады
Қажылыққа аттанған қазақстандықтар парыз амалдарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19:08 10.07.2022
Биыл қажылық парызын өтеу үшін Меккеге 4000 отандасымыз аттанды.
Қазақстандықтардың алғашқы легі 29 маусымда сапарға шыққан еді. Оларға 14 қажылық компания қызмет көрсетті.
Кеше қазақстандық қажылардың басым бөлігі қажылықтың негізгі парыздарын аяқтады.
Парыз өтеушілер күнұзақ Арафада тұрып тілек тілеген, Мұздалифада түнеп таң намазын оқыған қажылар бүгін Жамаратта шайтанға тас атып, құрбан шалды.
Қағбаға барып парыз тауабын жасап, ихрамнан шықты.
Айта кетсек, Қазақстанда қажылық кезінде арнайы миссия жұмыс істейді. Оның 5 жұмыс бағыты бар. Яғни қажылықты ұйымдастыру, уағыз-насихат, алғашқы дәрігерлік көмек, ақпарат және Сall орталығы.
Сall орталыққа қажылық сапар барысына қатысты 591 сауал келіп түсті.
Сұрақтардың дені Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, Жамаратта шайтанға тас атуға қатысты болды. Сондай-ақ қажылар тарапынан құрбандық шалуға қатысты сұрақтар жиі жолданды.
Қажылық сапар кезінде отандастарымыздың денсаулық 3 дәрігер қарап, қадағалады.
Айта кетсек, кешеден бастап барша мұсылман жұрты Құрбан айтты мерекелеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!