{metadescription}
Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмды

Ақмола облысы аумағында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» трассасында жол апатынан 1 адам көз жұмып, 3 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты биылғы жылғы шілденің 17-сінде «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының 180 шақырымында Молодежное ауылы тұсында болған.

«Mitsubishi Montero» көлігін басқарған Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай жолдың шетінде тұрған аялдамаға соғылды. Жол апаты салдарынан Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел (Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны) және 6 жасар қыз бала түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, «Mitsubishi Montero» көлігінің жүргізушісі жаяулар жолына тоқтаған «Hүundai Elantra» көлігімен соқтығысуды болдырмау үшін оң жаққа шұғыл бұрылған.

«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде