{metadescription}
Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады

Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды толық ақтады

Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы мен Әсет Матаевты ақтады.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі жетекшісі Айдос Сәдуақасов мәлімдеді.

"Жоғарғы сот Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты қылмыстық істі қарап, қылмыстық істі жаңадан апелляциялық сот отырысына жіберді. 24 маусымда Жоғарғы сотқа келіп түскен наразылықта бас прокурор іске қатысты елеулі мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңа апелляциялық қарауға жіберуді сұрады. Жеті судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бүгін, 19 шілдеде наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Ақталғандарға қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттеріне байланысты келтірілген зиянды өтеу құқығы танылған. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Еске салайық, Сейітқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталған еді. Сейітқазы Матаев пен оның ҚазТАГ ақпарат агенттігін басқаратын ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде