{metadescription}
Өскеменде ЖШС есепшісі 13,5 млн теңге жымқырған

Өскеменде ЖШС есепшісі 13,5 млн теңге жымқырған

Өскеменде ЖШС есепшісі 13,5 млн теңгені иемденіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне қаладағы серіктестіктердің бірінің өкілінен өтініш түсті. Әңгіме барысында полиция қызметкерлері 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, кассадан жалпы сомасы 13 485 062 теңге қаражатты заңсыз иемденгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің КПБ қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 50 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциялары мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде