{metadescription}
Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалатыны белгілі болды

Биыл тамыз айында бес күндік кестеге сүйенетін қазақстандықтар 22 күн жұмыс істеп, 9 күн демалады.

Демалыс күннің бірі мерекеге байланысты орны ауысады. 2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда бір ғана мереке бар. Ол – Конституция күні. Биыл 30 тамыз сейсенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, сенбіге келіп тұрған 27 тамыз демалыс күнін дүйсенбіге, 29 тамызға ауыстыру бекітілді. Сонымен, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28-30 тамыз аралығында үш күндік ұзақ демалысқа кетеді.

Нақтырақ айтсақ, бес күндік апта үшін сенбі, 27 тамыз – жұмыс күні, жексенбі-дүйсенбі яғни 28, 29 және 30 тамыз демалыс күндері болып табылады. Ал 31 тамыз, сәрсенбі – жұмыс күні.

Алты күндік кесте бойынша 28 тамыз, жексенбі және 30 тамыз, сейсенбі – демалыс. Ал 27 тамыз, сенбі және 29 тамыз дүйсенбі  – жұмыс күндері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде