{metadescription}
Қызылордада күзетшілерге тіл тигізген «прокурордың әйелі» жауапқа тартылады

Қызылордада күзетшілерге тіл тигізген «прокурордың әйелі» жауапқа тартылады

Әлеуметтік желіде өзін «Қызылорда облысы прокурорының әйелімін» деп таныстырып, күзетшілерге қоқан-лоқы көрсеткен келіншектің кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеке серіктестіктің күзет қызметкері шағым түсірген. 

15 шілде күні сағат 14:00 шамасында ғимаратқа келген жас әйел күзетшілерге дөрекі сөздер айтып, балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған. 

«Әл-Фараби аудандық полиция бөасқармасының қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д-мен тұрмыста болған (прокуратура қызметкері емес). 

Қазіргі уақытта азаматша ресми түрде ешкіммен некеде тұрмайды. Соңғыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда» делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде