Қарағандыда қоқыс таситын көлік жүк көлігіне соғылып, бір адам қаза тапты
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше, 19 шілде күні сағат 19.00 шамасында Таугүл шағынауданында болған.
Фото: Ekaraganda.kz
15:47 20.07.2022
«Полиция департаментінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, облыста адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары азаяр емес. «Таугүл» ықшамауданындағы жол қиылысында қоқыс шығаратын «КамАЗ» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Shacman жүк көлігінің 23 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша 345-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тергеу амалдары басталды.
Тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Дереккөз: Azattyq Ruhy
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!