{metadescription}
Жетісу облысында көлік апатынын 3 адам мерт болды

Жетісу облысында көлік апатынын 3 адам мерт болды

Тағы бір кішкентай бала ауруханаға түсті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік апатынан зардап шеккен кішкентай бала - 6 жаста.

«15 шілде күні сағат 15:00 шамасында Қаратал аудандық полициясына көлік апаты болғандығы жөнінде хабарлама түсті. Оқиға Үштөбе-Көпбірлік жолында болған. Анықталғандай, «Тойота-Естима« көлігін 42 жастағы адам тізгіндеген. Ол рөлге ие бола алмай, аударылған. Көлікте 4 адам болған. Оның біреуі - кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек. Көлік апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы мерт болды. Кішкентай бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚК-тің 345 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде