{metadescription}
Елімізде оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін

Елімізде оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін

Елімізде мектептердегі оқу жылында жазғы каникул күндері қысқарып, оқу маусымы ұзармақ.

Бұл туралы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің тиісті бұйрығы ашық талқыға шығарылды.

«2022-2023 оқу жылында мектептерге қосымша екі оқу аптасы қосылады. Ол бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту - құқық бұзушылықтарды азайту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттану деңгейін төмендетуді көздейді», - делінген Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде