Шымкенттегі дендробақтан өрт шықты
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған.
18:59 20.07.2022
Өрттің көлемі 0,25 га құрап, оны сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.
«Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!