{metadescription}
Алматыдан Талдықорғанғa қайтпақ болған ер адам жоғалып кетті

Алматыдан Талдықорғанғa қайтпақ болған ер адам жоғалып кетті

Алматыдан Талдықорғандағы үйіне қайтпақ болған ер адам жоғалып кетті. Ол екі аптадан бері байланысқа шықпаған.

«Есімбек Түркістанұлы шілденің 7-сі күні Алматы облысының Қарасай ауданындағы Райымбек ауылынан шығып, Алматыдағы «Сайран» бекетінен автобусқа отырып, Талдықорғандағы үйіне барамын деп кеткен. Бірақ, міне тура екі апта болды, Есімбектен бірде-бір хабар жоқ. Іздеу жұмыстары баяу жүріп жатыр», - деді жоғалған азаматтың туысы Еркін Бейсекей.

Жоғалып кеткен ер кісі - Есімбек Түркістанұлы 1972 жылы 19 қаңтарда туған. 50 жастағы азамат жайында қандай да бір ақпараттан хабары бар жандар мынау байланыс телефондарына хабарлауына болады: 8 7029586638, 8 7054557535.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде