{metadescription}
Израиль министрі израильдік журналистің Меккеде түсірген репортажын ақымақтыққа теңеді

Израиль министрі израильдік журналистің Меккеде түсірген репортажын ақымақтыққа теңеді

Израильдің аймақтық ынтымақтастық министрі Исави Фрей израильдік журналистің Меккеден телерепортаж түсіру шешімін «ақымақтық» деп атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күні Израильдің Chanel 13 телеарнасы Сауд Арабиясының Мекке қаласында түсірілген әлемдік жаңалықтар редакторы Гил Тамаридің телерепортажын көрсетті. Журналист мұсылман дінін ұстанбайтын адамдардың Ислам дінінің қасиетті орнына баруына тыйым салынғанына қарамастан, мұсылмандар үшін қасиетті қалаға жасырын барған. 

Он минуттық бейнерепортажда израильдік репортер жергілікті гидке ұқсайтын адаммен бірге жүреді. Тамари иврит тілінде репортаж түсіріп, дауысын бәсеңдетеді, кейде басқаларға өзінің израильдік екенін білдіртпес үшін ағылшын тіліне ауысады. Журналист Арафат тауына көтерілген сәтін де түсіріп алған. 

Бұл оқиға Таяу Шығыс елдерінде халықтың наразылығы мен өткір сынына ұшырады. Жарияланғаннан кейінгі күні Тамари мұсылмандардан кешірім сұрады. 

«Қайталап айтқым келеді, бұл Меккеге сапар мұсылмандарды немесе басқа адамдарды ренжіту үшін жасалмаған. Видео біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын. Бұл шараның мақсаты Меккенің маңыздылығын және діннің көркемдігін көрсету, сол арқылы діни төзімділік пен инклюзивтілікті арттыру болды», - деп жазды журналист Твиттерде.

Сәрсенбі күні Израильдің аймақтық ынтымақтастық министрі Исави Фрей репортажға «ақымақтық әрі зиянды» деген баға берді. 

«Менің ойымша, бұл ақымақтық болды ... мүлдем орынсыз және жай ғана рейтинг үшін жасалған дүние», - деді Фрей, Израиль тарихындағы екінші мұсылман министрі. 

Оның пікірінше, бұл жағдай Сауд Арабиясы мен Израиль арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мүмкіндігіне нұқсан келтіреді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде