{metadescription}
Орталық Азия елдерінің басшылары Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы тарихи құжатқа қол қояды

Орталық Азия елдерінің басшылары Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы тарихи құжатқа қол қояды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты.

«Геосаяси турбуленттілік жағдайы мен әлем экономикасы орнықсыз болып тұрған кезеңде өтіп жатқан кездесуіміз Орталық Азия елдерінің ұйымшылдығын көрсетіп, жаңа сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға деген ұмтылысымызды айғақтайды», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, ОрталықАзия елдерінің ерекше сипаттағы қарым-қатынасы бүгін қабылданатын XXI ғасырда Орталық Азияны дамытуға бағытталған Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы мазмұны мен тарихи перспективасы бірегей шартта бекітілген. 

«Бұл тарихи құжат біздің бесжақты стратегиялық әріптестігіміздің жаңа кезеңін білдіреді. Қазақстан Орталық Азияның әлем аренасындағы рөлін арттыруға, өңірлік әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытына адал болатынын сендіргім келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев .

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.