{metadescription}
Қазақстан Мазари-Шариф– Кабул –Пешавар теміржолының құрылысына қатысуға дайын – Президент

Қазақстан Мазари-Шариф– Кабул –Пешавар теміржолының құрылысына қатысуға дайын – Президент

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «Мазари-Шариф – Кабул –Пешавар» теміржолының құрылысына қатысуға дайын екенін мәлім етті.

«Төртінші. Өңірде көлік байланысын арттырып, транзит шарттарын дәйекті түрде жақсарту қажет. Тіпті өңірдің картасына асығыс көз тастаған адамның өзі Орталық Азияның орналасқан географиялық жағдайы бірегей екенін көреді. 

Жаңа геосаяси ахуал жағдайында біздің өңірдің континентаралық сауда-саттықты дамыту мен ілгерілету жолындағы рөлі екпіндеп өсіп келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Қазақстан бұл тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік маршрутын белсенді дамытып жатқанын еске салды.

«2017 жылдан бастап осы дәліз арқылы контейнер тасымалдау 3 еседей өсті. Оның үстіне Қазақстан «Мазари-Шариф – Кабул –Пешавар» теміржолының құрылысына қатысуға дайын.

Біз құрылымы жоғары тауарлардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етіп, жылжымалы құрам ұсына аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысуда.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барғанын жазған болатынбыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.