Түркістандық азамат елордадағы жоғары сот ғимараты алдында өзін өртемек болған
Кеше елордада ер адам жоғары сот ғимараты алдында үстіне бензин құйып өзін өртеуге әрекет жасаған.
14:00 21.07.2022
«Биыл 20 шілдеде М. атты азамат ҚР Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. М.-нің түсініктемесіне сәйкес ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазір аталған азамат қамауда.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», - деп мәлімдейді қалалық соттан.
Сондай-ақ, жаза қасақана жасалған әрекеттің қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеудің белгісі екенін ескере отырып тағайындалғаны айтылған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!