{metadescription}
Бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі бизнесмен Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады.

Мұрат Боранбаевқа іздеу салу туралы ақпарат Құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды. Іздестіруді жүргізетін орган ретінде Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

Мұрат Боранбаев 1970 жылы туған, ҚР азаматы.

Кей дереккөздер оны Қайрат Боранбаевтың інісі деп жазады.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде