Ұшақта мас болып шу шығарған Ресей азаматына айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері SCAT әуе компаниясының Мәскеуден ұшып келген рейсіндегі азаматты жауапкершілікке тартты.
Фото: www.delfi.lt
19:39 21.07.2022
Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтаған.
Ұшақ бортында ер адам мас болған, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған.
Полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас болып келу бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК (15 315 тг) мөлшерінде айыппұл салды.
Жыл басынан бері көлік полицейлері 25 202 адамды, оның ішінде алкогольді ішімдік ішкен 2 644 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!