{metadescription}
23 шілдеден бастап бірқатар қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алады

23 шілдеден бастап бірқатар қызметкерлер қашықтан жұмыс істей алады

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейнеснованың жаңа қаулысы бойынша «сары» аймақтағы елорда аумағында кімдердің қашықтан жұмыс істей алатыны белгілі болды.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері жүкті әйелдердің, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлердің және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдардың (міндетін дистанциялық форматта орындау мүмкін емес санаттарды қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшудіқамтамасыз етсін», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, аталған жауапты органдарға білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізбеу жүктеліп отыр. Ал топтардың басқа топтармен бірікпейшара өткзуіне рұқсат бар.

Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде