{metadescription}
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үшінші алтын алды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үшінші алтын алды

Қазақстандық Денис Полубояринов 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.

Құрлықтық додада ол 81 келіде сынға түсті. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысымен 313 келі (140+173) салмақты бағындырды.

Дереккөздің мәліметінше, енді ол 22 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі) пен Әлішер Байбуров (67 келі) алтын алды. Сондай-ақ, Аружан Дәулетова (71 келі) күміс медальға қол жеткізді.

Ал Ерасыл Омаров (55 келі) пен Азамат Төлген (61 келі) қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

28 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде