{metadescription}
Алматыда тыр жалаңаш самокат тепкен жастар қамалды

Алматыда тыр жалаңаш самокат тепкен жастар қамалды

Алматыда әл- Фараби даңғылында тыр жалаңаш самокат тепкен қыз бен жігіт ұсталып, 10 күнге қамалды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз самокатпен жүрген 1997 жылы туған М. есімді қыз бен 2003 жылғы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

«Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде