Демалыс күндері 46 градусқа ыстық болады
Республиканың батысында 23-25 шілде аралығында 38 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 46 градусқа дейін өте қатты ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
18:43 22.07.2022
"Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 25 шілде күні елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі", – делінген хабарламада.
Еліміздің тек оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндізгі уақытта республиканың батыс бөлігінің жартысында ауа температурасы +27 +42С-тан +23 +35С-қа дейін төмендейді.
Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі. Мұнда термометрлер + 25 +38С белгісіне жетеді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46С дейін өте қатты ыстық болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!