ҰҚК шекарада есірткінің ірі партиясын анықтап, тәркіледі
Есірткінің ірі партиясын анықтауға көлік құралын тексеру барысында қызметтік-іздеу итін қолданудың үлкен септігі тиді.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
15:24 23.07.2022
«2022 жылғы 22 шілдеде ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы «Жібек Жолы» өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенін және қызметтік-іздеу итін қолданумен көлік құралын тексеру барысында жасырылған жерден 35 келіге жақын есірткі заттарын тауып, тәркіледі (болжам бойынша «героин»)», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!