Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы да көтеріліп кетті
Түркістан облысында автобан бетоны күннің ыстығынан тағы да көтеріліп кетті.
13:48 24.07.2022
Окиға кеше болған. Желіде тараған видеолардан жолдағы бетонның көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқанын көруге болады.
«Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы Темірлан ауданы маңындағы бөлігінде (2234 км) ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны қопсып кетті»,- делінген Qazavtojol Turkestan мекемесінің Facebook парақшасында шыққан ақпаратта.
«ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымы ақауды жою жұмысын жүргізді. Оған Экскаватор, асфальт таптағыш машина, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!