{metadescription}
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі ұлғайды - Ұлттық банк

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі ұлғайды - Ұлттық банк

Шілдеде Ұлттық банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Шілденің қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 477,07 теңгеге дейін көтеріліп, 1,5%-ға өзгерді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 96,4 млн АҚШ долларынан 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілдеде сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады. 

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар шамамен 543,9 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сауданы дербес жүзеге асырады.

Шілдеде Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату 599,2 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,3%», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.