{metadescription}
Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.

«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде