Алматыда ер адам бұрынғы әйеліне автобуста пышақ салмақ болды
Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:20 05.08.2022
Оның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны автобус ішіндегі камераға түсіп қалған.
«Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында № 38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды»,- деп жазды желі қолданушы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, атлған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полициядан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!