Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17:25 05.08.2022
«Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда, сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан, мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесіне өттім», - деп жаздыТараз қаласының әкімі.
Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев әріптестеріне алғыс білдіріп, аяқталмай қалған жобалар үшін шаһар тұрғындарынан кешірім сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!