{metadescription}
Жезқазғанда скутер тізгіндеген ер адам автобустың астына түсіп көз жұмды

Жезқазғанда скутер тізгіндеген ер адам автобустың астына түсіп көз жұмды

Жезқазғанда скутер тепкен ер адам жолаушы автобусымен соқтығысып, көлік дөңгелегінің астында қалып қойған.

Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жазатайым оқиға бүгін, 9 тамыз таңғы сағат 8.00 шамасында болған. 

Жезқазған қаласының полициясына Жастар көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. 

«44 жастағы Racer маркалы скутер жүргізушісі Жастар көшесі бойындағы №14 үйдің жанынан шығып, 41 жастағы ер адамның басқаруындағы автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутердің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде