{metadescription}
Қашаған кен орны жұмысын қайта бастады

Қашаған кен орны жұмысын қайта бастады

Атырау облысында Каспий теңізінде орналасқан «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында жұмыс қайта жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімінің мәліметінше, тамыздың 9-ынан 10-ына қараған түні теңіз және құрлықтағы нысанда өндіріс біртіндеп іске қосыла бастайды. 

«Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр. Газ жағу – «Қашаған» кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс. Бұл шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі», -деп мәлім етті компанияның сыртқы қарым-қатынастар бөлімі.

Бұған дейін «Болашақ» қондырғысында «Қашаған» мұнайын дайындау тоқтап тұрғанын хабарлаған едік.Бұған өндіріс алаңындағы газ құбырының ақауы себеп болған. 

«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы 3 тамызда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылғанын растайды», - деп мәлім еткен еді NCOC компаниясының сыртқы қарым-қатынастар бөлімінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде