{metadescription}
Ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-483 теңгеден сатылып жатыр

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-483 теңгеден сатылып жатыр

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-483 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар – 476-478 теңге. 

Ал, Алматыда доллар бағамы – 478-483 теңге аралығында құбылып тұр. 

10 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 478,46 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге. 

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 - 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде