БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид Қазақстанға ресми сапармен келеді
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді.
14:53 10.08.2022
Сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті Сенатының басшылығы, азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен кездесулер жоспарланған.
Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.
Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізген.
Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясының тұсында Абдулла Шахид халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып сөйлеп, жаһандық денсаулық дағдарысының шағын аралдық дамушы мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдарына жойқын әсерін атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!