{metadescription}
Америкалық компаниялар биопластик өндірісіне миллиардтап қаржы құйып жатыр

Америкалық компаниялар биопластик өндірісіне миллиардтап қаржы құйып жатыр

Компаниялар қауіпсіз түрде жоюға болатын табиғи, жаңартылатын материалдардан жасалған пластмасса өндірісін кеңейтуге миллиардтаған доллар инвестициялауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

i3 Connect платформасының мәліметі бойынша, биопластика өндірісіне салынған инвестициялар 2022 жылдың алғашқы үш айында 500 миллион долларға жетті. Бұдан алдыңғы ең жоғары көрсеткіш 2021 жылдың соңғы тоқсанында тіркелген (350 миллион доллар). Zion Market Research бағалауы бойынша биопластика нарығы 2021 жылы 10,5 миллиард долларды құраса, 2028 жылы шамамен 29 миллиард долларға дейін өседі. 

Кентукки штатының Винчестер қаласында орналасқан Danimer Scientific компаниясы рапс майымен ашытылған микроорганизмдерді қолдана отырып, PHA деп аталатын биопластикаларды шығарады. Нәтижесінде мұнай-химия пластикасы сияқты өнімді өндіру үшін қолданылатын пластикалық түйіршіктер пайда болады. Сынақ кезінде белгілі болғандай, PHA Danimer өнімдері теңізде алты айдан кейін және топырақта екі жылдан кейін биологиялық түрде ыдырайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.