{metadescription}
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды

Қостанай облысында үш тәулік бойы іздеуде болған 5 жасар Мадинаның денесі табылды. 

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 5 жасар Мәдина Ерланқызы суға батып кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, баланың денесі өзен арнасынан табылған.

Іздеу жұмыстарына еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері атсалысты. 

Еске салсақ, Қостанай облысының Жамбыл ауылында 7 тамыз күні таңертең бес жасар қыз жоғалып кетті. Баланы 18 бен 13 жастағы екі үлкен әпкесі қарап қалған. Олар таңертең оянғанда кіші қыз үйде жоқ екенін байқаған

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде