Автобуста бұрынғы әйеліне пышақ ала жүгірген ер адам екі айға қамалды
Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам екі айға қамауға алынды.
21:00 10.08.2022
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.
«10 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақтамақ болғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!