Жетісайда бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік грантқа ие болды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:05 11.08.2022
Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды. Олардың 30-ы «Алтын белгіге», 21-і «үздік аттестатқа» ие болды.
Айта кетейік, мектеп гимназияның орташа балы 105% құраған. Аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!