{metadescription}
Жетісай базарындағы өртке байланысты комиссия құрылды

Жетісай базарындағы өртке байланысты комиссия құрылды

Жетісайдағы «Күлпаршын» базарындағы өртке қатысты комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Базардан шыққан өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Желдің салдарынан өртті сөндіру қиын болды. Жалынды сөндіруге 47 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша оқиға себептерін анықтау және өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссия құрылды. 

Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жетекшілік етеді. Комиссия алдында ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау, міндеті тұр. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан билігі сатушылармен кездесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.