Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған сенаторлар белгілі болды
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған депуттатар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:24 26.08.2022
24 тамызда өткен сайлау қорытындысы туралы жиынға ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысты.
Баяндамашының ақпаратына сәйкес, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау өткізілді деп танылды.
Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысты. Яғни, барлық өңірлерде кворумға қол жетті.
Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен.
Дауыс беру, өзге де сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті.
Сонымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
· Абай облысынан:
Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы;
Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;
· Жетісу облысынан:
Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы;
Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;
· Ұлытау облысынан:
Медебаев Советбек Тұрсынұлы;
Шайдаров Серік Жаманқұлұлы сайланды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент Сенатының депутаттары алты жылға сайланады.
Сонымен қатар, олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!