Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады
"Қазпошта" АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады.
Фото: sknews.kz
15:48 26.08.2022
Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
"Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, "Касса24" терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.
Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес беріп отыр.
"Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді "Қазпошта" АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді мамандар.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!