Теміртаудағы көпқабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылды
Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көпқабатты үйде газ қоспасы жарылды.
Фото: ашық дереккөзден
16:42 26.08.2022
Төтенше жағдай 25 тамыз күні сағат 14:35-те Металлургтер даңғылы, 21/2Б мекенжайында болды.
Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, 9 қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Кіреберістің 2-ші қабат деңгейінде әйнектер сынған. Өрт тұтанған жоқ.
«Теміртау қаласы бойынша ТЖБ қызметкерлері газ қызметімен және тұрғын үй иелерімен бірлесіп пәтер бойынша тексеру жүргізді, содан кейін тұрғындар өз пәтерлеріне оралды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!