Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау тапсырмасының екі жылдан бері орындалмай келе жатқанын айтты
ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау.
11:20 01.09.2022
Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екенін айтты.
«Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек (регулирование «с чистого листа»). Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет», - деді Президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!