{metadescription}
Қарағанды облысында 200 гектарға жуық жер өртенді

Қарағанды облысында 200 гектарға жуық жер өртенді

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 190 гектардан астам алқапта алты жерде құрғақ шөп өртенді. Табиғи өртке аймақтағы аптап ыстық себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрғақ шөп өрті Қарқаралы, Осакаров, Абай және Шет аудандарының аумағында тіркелді. 

Мамандар табиғи өрттің себебін аймақта күннің қатты ыстық және ауа райының желді болуымен түсіндіріп отыр. «Қазгидромет» мәліметтеріне сүйенсек, 4 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Алғашқы өрт ошағы Осакаров ауданының Колективное ауылынан шығысқа қарай 10 км жердегі Қарағайлы ауылында тіркелді. Дала өртін сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары қатысты: 7 қызметкер және 3 техника, сондай-ақ құрамында 10 қызметкер мен 2 техника бар ерікті өрт сөндіру құрамы қатысты. 

Сол күні Қарқаралы ауданының Абай және Бесоба ауылдық округтерінде жалпы ауданы 90 га жерде құрғақ шөп өртенді.

Тағы бір өрт ошағы Талдықұдық ауылына жақын Абай ауданында тіркелді. Жалпы ауданы 4 га ашық аумақта құрғақ шөп пен бұталар жанған.

4 қыркүйек күні сағат 1:09-да Шет ауданында Қарғалы ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде 40 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Табиғи апатпен 15 қызметкер және 5 техникадан тұратын құрам күресті. 

Қазіргі уақытта Шет ауданындағы Жамбыл кентінде құрғақ шөптің жануы бақылауда.

«Дала өрті өте қауіпті. Көптеген жағдайларда олар басқа да апатты өртке – орман өртіне немесе елді мекендердегі өртке себеп болады. Сонымен қатар, желді ауа райында өрт елді мекендерді шарпуы мүмкін. Құрғақ шөп жанғанда қатты түтіндейді және орман өрті адамдардың денсаулығы үшін қауіпті», - деп ескертті Қарағанды облыстық ТЖД-ден.

Өрт сөндірушілер апаттың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білу және сақтау қажеттігін еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалу керектігін қаперге береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде