{metadescription}
ШҚО-да із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

ШҚО-да із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында екі апта бұрын із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласында тұратын 26 жастағы қыз 19 тамыз күні жоғалып кеткен.

Сол күні қыздың анасы полицияға қоңырау шалды. Белгілі болғандай, ол Мирный кентіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда қызды дереу табу мүмкін болмады.

«3 қыркүйек күні жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде