{metadescription}
Қостанай облысында тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Қостанай облысында тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Басаман ауылының маңында орман өртеніп жатыр.

Бұл туралы облыс әкімдігі жанынан құрылған Ақпараттық штабтан мәлім етті.

«Ресми мәлімет бойынша, Басаман ауылының айналасындағы орман өртеніп жатыр. Тұрғындар Қазанбасы ауылының мектептеріне көшірілді. Оқиға орнында Ұлттық ұланның сарбаздары, еріктілер мен еді мекеннің тұрғындары жұмыс істеп жатыр. Ауыл маңындағы өртті сөндіру үшін 50 техника жұмылдырылды», - делінген Ақпараттық штабтың хабарламасында.

Сонымен қатар бүгін Қостанай облысы Әуликөл ауданындағы өрттің өршуіне байланысты Бағаналы ауылының тұрғындары да қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде