{metadescription}
Өрт сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық көлемінде сыйақы беріледі

Өрт сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық көлемінде сыйақы беріледі

Қостанай облысындағы өртті сөндіріп жатқан сала мамандарына 2 айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беріледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма берді.

«Мен жалынмен күресіп жатқандардың бәріне өз атымнан жеке алғыс жолдағым келеді. Олар ерлік танытып, шұғыл қимылдап, кәсіптеріне адал екенін көрсетті. Олар ең жоғары бағаға лайық деп ойлаймын және тиісті марапат алады. Оның ішінде қаржылық тұрғыдан да. Үкімет өрт сөндіруге тікелей қатысқандарды екі айлық еңбекақы көлемінде марапаттау туралы тиісті қаулы әзірлеуі керек», - деді Президент Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде