{metadescription}
Элизабет Трасс Британияның жаңа премьер-министрі атанды

Элизабет Трасс Британияның жаңа премьер-министрі атанды

Консервативті партияның жаңа жетекшісі, Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Элизабет Трасс сайланды.

47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Қазір ол шын берілген консерватор және оңшыл либерал.

Элизабет Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы - қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр.

Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде