Ниццада 86 адамды жүк көлігімен қағып өлтірген террористердің соты басталды
Парижде 2016 жылдың 14 шілдесінде Ниццаның ағылшын жағалауында болған лаңкестік әрекетке қатысты сот отырысы басталды.
08:50 06.09.2022
Жүк көлігімен адамдарды басып кеткен радикал исламшылдың шабуылынан 86 адам қаза тауып, 458-і жарақат алды.
Лаңкестік шабуылды жасаған Тунис тумасы Мұхаммед Лахуайедж Бухлельді қылмыс орнында полиция атып өлтірген болатын.
Бірінші күні сот сегіз айыпталушының кім екенін тексеріп, азаматтық талапкерлердің құрамын нақтылады, оның саны 865 адамға жетті.
Париждегі тыңдауға бәрі бірдей қатыса алмайды, сондықтан Ниццада трансляцияға шығатын екі арнайы зал бар. Процесс 16 желтоқсанға дейін жалғасады.
Үш айыпталушы отырыс залында күзетпен отырды.
Төрт адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тунисте қамауда отырған тағы бір айыпталушыны қорғаушы қорғайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!