Жаңа Зеландияда қайық китке соғылып, 5 адам көз жұмды
Жаңа Зеландияда китке соғылған қайық аударылып, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: www.bbc.com
09:10 13.09.2022
Сенбі күні Жаңа Зеландияның Кайкоура қаласының маңында болған апат кезінде бортта он бір адам болған. Қала билігінің мәліметінше, 8,5 метрлік қайық су бетіне шығып келе жатқан китпен соқтығысқан, соның салдарынан адам өлімі тіркелді. Қайық капитанын қоса есептегенде тірі қалған алты адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін олар ауруханаға жатудан бас тартты. Бір адам жеңіл жарақат алған. Борттағы жолаушылар құстарды бақылау үшін әлем елдерінен жиналған турист болуы ықтимал.
Кайкоура теңіз әлемін тамашалағысы келетіндер жиі келетін орындардың бірі. Бұнда киттер мен дельфиндерді көрсету үшін туристерге теңіз саяхаттары мен тікұшақпен ұшу сапарларын ұсынатын кәсіпорындар бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!